03 мау, 2021 сағат 13:15

Карантин талабын бұзған қазақстандықтарға 1,2 млрд теңге айыппұл салынды


Ағымдағы жылдың 1 қаңтары мен 31 мамыры аралығында карантин талаптарының сақталуын бақылайтын мониторинг топтары 94 788 рейд жүргізіп, 585 393 нысанды тексерді. 16 мыңнан астам кәсіпкерлік нысаны шектеу талаптарын бұзған. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

Карантин режимін бұзған кәсіпкерлік нысандарының басым бөлігі Шығыс Қазақстан, Түркістан және Алматы облыстарында, сондай-ақ, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан. 

Мониторинг барысында карантин кезінде қызметіне тыйым салынған нысандардың жұмыс істейтіндігі, жұмыс кестесіне қойылатын шектеулердің сақталмайтындығы, бұқаралық шаралардың ұйымдастырылатындығы анықталды.

Тексеру жұмыстарының нәтижесі бойынша 300 іс сотқа жіберліп, 76 нысанның қызметі уақытша тоқтатылды.

Карантин талаптарын бұзғаны үшін 9,1 мың шағын және орта бизнес иесі, 6,8 мың жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеден асады.