11 там, 2020 сағат 14:26

Карантин: Құдалық өткізген мейрамхана иесіне 300 мың теңге айыппұл салынды

Ақмола облысының Жарқайың ауданында карантин кезінде құдалық өткізген мейрамхана иесі әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Жарқайың аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына аудандық полиция бөлімінен Державинск қаласындағы «Ажар» мейрамханасында көпшіліктің жиналуымен іс-шара өткізілгендігі туралы іс материалдары түсті. 

«Осыған байланысты жеке кәсіпкердің үстінен ҚР ӘҚбК 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік заңбұзушылық туралы хаттама толтырылды. Яғни, 230 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік шара қолданылды. Айыппұл көлемі қысқартып айтқанда 319 470 мың теңгені құрады», - дейді ведомстводан.