Атырауда карантин режимін бұзып, мейрамханаларда той жасағандар анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Атыраулық полицейлер өткен жұма-жексенбіде мобильді топпен бірге карантин талаптарын орындамаған ондаған той иелерін анықтаған.
«Атырау» ықшамауданындағы 17-көшедегі үйде 40-50 адам, ал Мечников көшесіндегі үйлердің бірінде 30-40 адам қатысқан той өткізілген. Студенттер көшесінде орналасқан мейрамханалардың бірінде өтіп жатқан тойда 80 адам, «Алмагүл» ықшамауданындағы мейрамханада тойланған туған күнде 50-60 адам, И.Тайманов көшесіндегі мейрамханада 50-60 адам жиналған той анықталды. «Жерұйық» ықшамауданында орналасқан мейрамханалардың біріндегі караоке-барға 15-20 адам жиналған», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, «Лесхоз» ықшам ауданындағы және Владимирский көшесінде орналасқан екі
Қорқор бар иелері карантин режиміне қатысты тыйымдарға қарамай, жұмыс істеген.
Анықталған деректерге қатысты жинақталған құжаттар Атырау қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.