Алматыда карантин кезінде астыртын жұмыс істеген құмар ойын клубы анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ағымдағы жылдың 9 тамызынада ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қ. бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметімен бірлесіп, Алматы қаласының мейрамханаларының бірінде покер ойындары өткізілген астыртын құмар ойындар клубының заңсыз қызметін анықтады. Жедел-іздестіру шаралары барысында клубта карантин режимін бұзған 63 адам анықталды. Олар түнгі 00:00-ден кейін құмар ойындарын ұйымдастырып, ойнаған.Оқиға орнын тексеру кезінде мейрамхананың банкет залында фишкалары бар 4 футляр, покер ойынына арналған шұғадан жасалған 3 жайма, ойын карталары және ақша қаражаты анықталып, тәркіленді»,– деп хабарлады ҚР Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 307-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерудің біріңғай тізіліміне тіркелді.