Алматы қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті биыл 25-28 қараша аралығында 184 нысанды тексерді. Оның ішінде 36 нысанда карантиндік режимді бұзу фактілері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кәсіпкерлік субъектілерде негізінен залалсыздандыратын заттар болмаған, жұмыс істеу және бетперде режимі сақталмаған.
Көңіл көтеретін орындарды тексеру барысында бірнеше рет заң бұзушылықтар болғаны анықталды.
Атап айтқанда, Алатау ауданында:
- «Парваз» кафесі (Жусанды, 7);
- «Алтын Алтай» лагманханасы (Ақкент ықшамауданы, Доспанов көшесі, 23);
- «Цех» бары (Ақбұлақ ықш., Шәріпов к-сі).
Алмалы ауданында:
«Мята» лаундж-бары (Жібек жолы к-сі – Сейфуллин д.);
- «Мята» лаундж-бары (Сейфуллин д. – Қазыбек би к-сі);
- «Ладжия Гоурмет» мейрамханасы (Сейфуллин д. – Әйтеке би к-сі);
- «Баку бульвары» кафесі (Шевченко к-сі – Клочкова к-сі);
- «Веселидзе» кафесі (Шевченко к-сі – Клочкова к-сі);
- «Мастер донер» орны (Төле би к-сі - Назарбаев даңғылы);
- «ZTB» гастро-бар (Наурызбай батыр к-сі – Жамбыл к-сі);
- «Graft shisha bar» бары (Наурызбай батыр к-сі – Мәметов к-сі);
- «Облака» кальян-бары (Қазыбек би көшесі – Панфилов көшесі);
- «Olivier Restaurant & bar» мейрамханасы (Құрманғазы көшесі - Назарбаев даңғылы).
Әуезов ауданында:
- «The one» компьютер клубы (Ақсай-5, 25 );
- «Астана Плаза» мейрамханасы (Астана ықш., 35 А);
- «Аквариум» кешені (10 А ықш., 12 Б);
- «Empire S» кафесі (4 ықш., 10 В);
- «Grand family hall» мейрамханасы (4 ықш., 10/2).
Бостандық ауданында:
- «Express» компьютер клубы (Маркова к-сі, 43);
- «Negorky Bar» (Бұқар жырау к-сі, 66);
- Абай даңғылы 10-дағы клуб
Жетісу ауданында:
- «Tantuni Doner Kebab» кафесі (Айнабұлақ-3 ықш., 98А);
- Loto club (Жансүгіров көшесі, 260В);
- Loto club (Айнабұлақ-4 ықш., 172а / 2);
- компьютер клубы (Айнабұлақ-4 ықш., 172).
Медеу ауданында:
- «ForBest» караоке-бары (Қабанбай батыр к-сі, 58);
- «Пушкин» қалалық кафе (Абай даңғылы, 17);
- «Avantgarde Game House» ойын клубы (Искендеров к-сі, 5);
- паб «Glen» (Шевченко к-сі, 44);
- «Bacha» түнгі клубы (Жібек жолы к-сі, 66/1);
- «Wine Gallery» шарап ішетін орын (Оспанов к-сі, 401/2);
- «Шишка Edition» бары (Қажымұқан к-сі, 49);
- «Бармаглот» бары (Уәлиханов к-сі, 170).
Наурызбай ауданында:
«Премьера» кафесі (Жуалы көшесі, 129);
- «LL» кафесі (Жандосов к-сі, 2).
Түрксіб ауданында:
- кафе «Прованс» кафесінде (Ақан сері, 33) карантин талаптары бұзылған.
Заңды тұлғаларға қатысты анықталған заң бұзушылықтар бойынша ҚР ӘқбК-нің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес шаралар қабылданады.
Әкімдік алматылықтар мен қала қонақтарын мүмкіндігінше адам көп шоғырланған орындарға, әсіресе мегаполистің мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің қаулысын бұза отырып жұмысын жалғастыратын нысандарға бармауға шақырады. Кәсіпкерлік субъектілері санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың толық сақталуын қамтамасыз етулері тиіс. Атап айтқанда, жұмыс кестесін күшейту, әлеуметтік арақашықтықты сақтау және маска кию, қызметкерлерді қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, термометрия жүргізу, дезинфекциялаушы заттарды орнатуы керек.