02 шіл, 2022 сағат 01:16

Қарақалпақстанда митингілер басталды: Өзбекстан ІІМ ресми түсінік берді


Өзбекстан ІІМ Қарақалпақстанның бас қаласы - Нүкістегі митингілерге қатысты ресми түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Ел билігінің тұжырымынша, заңсыз демонстрациялар 1 шілдеде сағат 15.00-де "республикада жүргізіліп жатқан конституциялық реформаларды дұрыс түсіндірмеу нәтижесінде" басталған. Қарақалпақстан тұрғындары қала бойынша шерулер ұйымдастырды, осыдан кейін олар орталық дехкан базарының аумағына жиналып, заңсыз демонстрация ұйымдастырған.

"Қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу және азаматтардың түрлі құқықбұзушылықтарды жасауына жол бермеу мақсатында дехкан базарының аумағында құқық қорғау органдарының күштері мен құралдары жұмылдырылды. Қазіргі уақытта қоғамдық тәртіп қалпына келтірілді, азаматтармен заңнаманы бұзуға жол бермеу туралы түсіндіру, сондай-ақ азаматтардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Өзбекстан ІІМ баспасөз қызметі.