01 қаз, 2021 сағат 16:57

Қарағандыда аурухана директоры дәрігерлердің үстемеақысынан «өз үлесін» алып отырған


Қарағанды облысында аудандық ауруханалардың бірінің директоры қоластындағы қызметкерлерге төленген үстемеақыдан үлес ретінде пара алғаны үшін ұсталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Telegram каналында осындай мәлімет жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қарағанды облысындағы аудандық ауруханалардың бірінің директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастарға медициналық көмек көрсетуге қатысатын жұмыскерлердің үстемеақысынан үлес ретінде пара алды деген күдікке ілінді. Күдікті адамға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», - деп жазылған агенттіктің ақпаратында.