11 қар, 2021 сағат 16:00

Қарағандыда алаяқ мүгедек әйелдің атына 3 млн теңгеге жуық несие рәсімдеген


Қарағандыда 18 жасар алаяқ мүгедек әйелдің атына шамамен 3 млн теңгеге жуық несие рәсімдеген. Күдікті бойжеткенді полиция ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

26 қазанда Қарағанды қаласы полиция басқармасы Октябрь аудандық полиция бөліміне 52 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Әйел белгілі бір тұлға оған үш тауар кредитін рәсімдегенін, сондай-ақ өз шотына 459 мың теңге аударғанын хабарлады. Шығын сомасы 1 млн. 804 мың теңгені құрады. Аталған факті бойынша полиция ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғады.

«9 қарашада жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 18 жастағы қызды анықтап, ұстады. Ол өз кінәсін мойындады», - деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тергеу барысында жәбірленушінің мүгедек екені және оған күтім қажет екені белгілі болды. Оған күдікті жәрдем еткен. Өтініш берушінің жеке мәліметтеріне қол жеткізе отырып, ол оларды өз мүддесі үшін пайдаланғаны анықталды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер күдікті мүгедек әйелге тағы екі тауар несиесін рәсімдегенін анықтады. Келтірген залалдың жалпы сомасы 2 млн.784 мың теңгені құрады.