Қарағанды облысында «Арт Текстиль» кәсіпорнының басшылары заңсыз банкроттық жасағаны үшін сотталды, деп хабалайды "Ұлт ақпарат" Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәлімдеуінше, әдейі және жалған банкроттық - қарыздардан құтылудың ең жиі қолданылатын тәсілі.
«Көбінесе заңсыз банкроттық былай жасалады, компания банктен үлкен көлемде несие алады, содан кейін кепілмен қамтамасыз етілмеген құнды активтерді шығарып алады да, есепшоттар үшін төлем жүргізуді тоқтатады және сәйкесінше бюджетке төлем жасалмайды. Осыдан кейін ол банкроттық рәсімін бастайды», делінген хабарламада.
Агенттіктің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті «Арт Текстиль» ЖШС-ның әдейі банкроттық жасауына қатысты факт бойынша қылмыстық істі тергеді.
«Тергеу барысында кәсіпорынның құрылтайшысы мен басшысы И.Фелькер мен Р. Куран кәсіпорын банкрот деп танылғанға дейін 3 жыл ішінде мүлікке - жер учаскесін, ғимаратты, автокөлікті иелену құқығын жалған тұлғаларға заңсыз бергені анықталды.
Осылайша, олар жалпы сомасы 86 миллионнан астам теңгеге салық төлеуден жалтаруға тырысқан», делінген хабарламада.
«Арт Текстиль» ЖШС мүлкін беру және сату туралы шарттар жарамсыз деп танылды, барлық мүлік қайтарылды.
И. Фелькер мен Р. Куран 1,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.