Қарағанды облысында жалған шот-фактуралар берумен айналысып келген қылмыстық топтан қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері қылмыстық топты әшкереледі. Олар жалған шот-фактуралар берумен айналысқан. Тергеу барысында қылмыстық топтан заңсыз сатып алынған және сақталып келген қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды. Нақты айтқанда, 4 тапанша мен 133 патрон тәркіленді.
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабының 2-бөлігіне сәйкес (қаруды, оқ-дәрiлердi заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді Қаржы мониторингі комитетінен.