Қарағанды облысында мемлекетке 537 млн теңге залал келтірген ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
ҚР Қаржы министрлігінің ақпаратына сәйкес, Қаржы мониторингі комитеті Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-тергеу барысында 2017-2020 жылдар аралығында Қарағанды қаласының аумағында жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты әшкерелеген.
Тергеу барысында 7 адамнан тұратын қылмыстық топ, сонымен қатар бақылаудағы заңды тұлғалардың басшылары ретінде тіркелген адамдар үй-жайларды іздеу және жалға алуды (тіркеу үшін), сондай-ақ контрагент-сатып алушыларды іздестіруді, екінші деңгейлі банктерде ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыруды және тағы басқасын жүзеге асырған.
«Топтың қылмыстық әрекеті салдарынан мемлекетке келтірілген залал сомасы 537 млн теңгені құрады. Тәркілеуді қамтамасыз ету мақсатында тергеу барысында бақылаудағы кәсіпорындардың жалпы сомасы 121,3 млн теңгеақша қаражатына тыйым салынды.
2020 жылдың 27 желтоқсанында қылмыстық іс өндіріспен аяқталып, бекітілген айыптау актісімен сотқа жолданды», - делінген ҚР ҚМ ақпаратында.