«Қапланбек» кеден бекетінде заңсыз тауар алып өтпек болған Тәжікстан азаматы ұсталды, деп хабарлады Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.
4 сәуірде Ресейден Тәжікстанға бағытталған автокөлікте «Қапланбек» кеден бекетінде Түркістан облысы МКД-нің қызметкерлері ҚР ҰҚҚ қызметкерлерімен бірлесе жүргізген бақылау, тексеру жұмыстары кезінде декларацияланбаған оргтехника тауарлары барын анықтаған.
Тәжікстан азаматы Р.Т. жүк автокөлігімен тауарларды заңсыз алып өтпек болған. Нәтижесінде жалпы құны 5 млн теңгеге жуық компьютердің жинақтаушы бөліктері тәркіленді.
Аталған факт бойынша ұсталғандар жауапқа тартылды.