14 нау, 2022 сағат 12:29

Қаңтар оқиғасына қатысқан 72 адам сотталды - министр


Қаңтар оқиғасына қатысқан 72 адам сотталды. Бұл туралы Мәжілісте ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір полицияның тергеуінде 2 919 қылмыстық іс бар. 1 мыңнан астам күдікті қылмыстық жауаптылыққа тартылып жатыр. Мемлекет басшысы жазаны жеңілдететін жағдайларды ескеруді тапсырды. Сондықтан осы 400-ден аса күдіктінің ішінен 219-ы қамаудан босатылды. Ал, ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған 184 күдікті қамауда», - деді министр. 

Оның дерегінше, тергеу барысында 12 мыңнан астам азаматтан жауап алынды. 2 мыңдай сараптама тағайындалды. 

«Ұрланған мүліктің көп бөлігі. Бүгінгі таңда 229 айыпталушыға қатысты іс сотқа жолданды. Қазірдің өзінде 72 адам сотталды. Оның бесеуі бас бостандығынан айырылды. Қалғандары басқа жазаларына тартылды»,- деді Марат Ахметжанов.