30 мау, 2022 сағат 18:35

Қаңтар оқиғасы: Жаппай тәртіпсіздік бойынша 58 қылмыстық іс тергеліп жатыр


Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 58 және терроризм актілерімен 8 қылмыстық іс бар. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бас прокуратура қаңтар оқиғаларына байланысты қылмыстық істерді тергеу барысы туралы хабарлауды жалғастыруда. Қиратулар, мемлекеттік объектілерді өртеу, мүліктерді жою және терроризм актілері Алматы, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында жасалғаны белгілі. Сол қайғылы күндері қылмыскерлер әскерилерге шабуыл жасап, жолдың жүру бөлігін жауып, автокөліктерді өртеп, азаматтарды тәртіпсіздіктерге қатысуға көндірген және тонаулар жасаған», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында. 

Оның атап өтуінше, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді бұғаттау үшін олар полиция органдарының ғимараттарына шабуылдар жасады.

«Бүгінгі күні арнайы прокурорлардың іс жүргізуінде жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 58 және терроризм актілерімен 8 қылмыстық іс бар. Аяқталуына қарай істер сотқа жолдануда», - деді Бас прокуратура өкілі.