Құқық қорғау қызметкерлеріне қатысты қылмыстық құрамның болмауына байланысты 7 іс тоқтатылды. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында қаңтар оқиғасына қатысты мәселелерді қарау кезінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сонымен қатар арнайы прокурорларға адамның қайтыс болу фактісімен тіркелген 8 қылмыстық іс берілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңға қарсы әрекеттері туралы куәландыратын объективті деректер анықталмағандықтан, іс-әрекетте қылмыс құрамының болмауына байланысты 7 қылмыстық істі тоқтатты», - деді Бектенов.
Осы орайда ол агенттік қылмыстық істерді тергеу кезінде Азаптауларды тергеу жөніндегі Ыстанбұл хаттамасының талаптарын қатаң ұстанатынын атап өтті.
«Біздің басты мақсатымыз – оқиғалардың бүкіл хронологиясын анықтау және әрбір өтініш бойынша объективті құқықтық баға беру. Тәртіпсіздіктер жаппай болғандықтан, бұған біраз уақыт қажет. Барлық қылмыстық істер бойынша тергеу жоспары құрастырылып, онда тергеу-жедел іс-шаралары кешені қамтылды», - деді агенттік басшысы.