18 шіл, 2022 сағат 16:29

Қаңтар оқиғасы бойынша 381 қылмыстық іс аясында 10 адам ғана қамауда отыр – ІІМ


Қаңтар оқиғасына қатысты ҚР Ішкі істер министрлігінің қарауындағы 381 қылмыстық іс бойынша 10 адам ғана қамауда отыр. Министрліктің Тергеу департаменті бастығының орынбасары Мұхтар Қожаев орталық коммункациялар қызметінде өткен брифингіде осындай дерек келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі таңда ішкі істер органдары тергеушілерінің өндірісінде 381 қылмыстық іс бар. Ол істер бойынша 10 адам қамауда отыр. Істер бұдан біраз бұрынғы саннан азайды, өйткені қазіргі таңға дейін көптеген қылмыстық іс бойынша процестік шешім шығып қойған. Мәселен, қазіргі уақытта 589 күдіктіге қатысты 359 іс айыптау актісімен сотқа жолданды. Олардың көпшілігі - жаппай тәртіпсіздік барысында ұрлық жасау, қару ұрлау және заңсыз сақтау, көлік құралдарын заңсыз айдап кету, тонау және бұзақылық», - деді ІІМ өкілі.

Сондай-ақ, 460 адамға үкім шықққан.

«Оның ішінде 371 адамның бас бостандығы шектелді. 4 адам қоғамдық жұмысқа тартылып, 5 адамға айыппұл салынды. Ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 80 адам бас бостандығынан айырылды. Келген шығынды өтеуіне және тараптардың татуласуына байланысты сот 13 адамды қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Қазіргі таңда сот өндірісінде 116 сотталушыға қатысты 55 қылмыстық іс қаралып жатыр», - деді Мұхтар Қожаев.