Әлеуметтік желіде Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровты "шайтан" деп атап, "билік үшін өз әкесін сатып кетті" деп айыптаған "Андрей Бушмелев" деген атпен тіркелген блогер Шешенстан басшысынан кешірім сұрап, аккаунтын өшіріп тастады. Бұл туралы Кавказ.Реалии сайты хабарлады. Ол сонымен бірге барлық жастарды Қадыровқа тіл тигізбеуге үндеген.
Сайттың жазуынша, "Андрей Бушмелев" аккаунты қазір жабық болғанмен аккаунт иесінің кешірім сұраған видеосын интернеттен тез табуға болады. Мысалы, аталған видео Baza телеграм-арнасында жарияланған.
Видеода блогер "аш қарынға ішімдік ішіп алып" Қадыровқа тіл тигізгенін айтады. Бірақ оған не түрткі болғанын түсіндірмейді. "Оның бір себептері бар" деп көптің көзінше оны айта алмайтынын жеткізеді.
Ресейде бұған дейін де осыған ұқсас оқиғалар болған. Кавказ.Реалии сайтының жазуынша, Шешенстан басшысын айыптаған мәлімдемелердің "жолын кесумен" республика аумағынан тыс жерде жүрген шешен диаспорасы айналысады. Атап айтқанда, олардың міндетіне Рамзан Қадыров пен оның отбасы жайлы айтылған пікірлер мен комментарийлерді қадағалау және авторларын іздеу кіреді.
Жақында Рамзан Қадыровтан Пермьде тұратын жасөспірім кешірім сұраған. Ол интернетте видео жариялап, Шешенстан басшысын "шайтан" деп атаған еді