Қазақстан мен Италия арасындағы сауда-экономикалық байланыс мүмкіндігі жоғары. Бұл туралы Италия Сыртқы істер министрінің орынбасары Манлио Ди Стефано айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Екі ел арасындағы экономикалық байланыс нығайып келеді. Бізде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуде зор мүмкіндіктер бар», - дейді Манлио Ди Стефано елордада өткен Қазақстан-Италия бизнес-форумында.
Оның айтуынша, бүгінде Италия Қазақстан экономикасына 6,6 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция салған.
«Жалпы, Қазақстанда Италияның 270-ге жуық компаниясы жұмыс істейді. 13 желтоқсанда Италияның Орталық Азия елдерімен ынтымақтастығы бойынша тағы бір жиын өтеді», - дейді ол.
Айта кетсе, аталған іс-шараға екі елдің іскер топтарының, ұлттық компаниялардың, мемлекеттік органдардан 200-ден астам өкілі қатысты.