Елорданың бас имамы Ерболат Жүсіпов ораза кезінде сәресі ішуден бас тартушыларға кеңес айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Ораза ұстаған жандар сәресіні ішуге мән беруі керек. Көп жағдайда кей адамдар ораза кезінде қарным ашпайды деген желеуді алға тартып, таңсәріде тамақ ішпей, аузын бірден ашып жатады. Бұл – үлкен қателік. Жалпы біздің мұсылмандардың ораза ұстауындағы үлкен бір ерекшелігі сәресі ішуде. Пайғамбар хадисте «Сәресі ішіңдер, сәресіде береке бар» дейді. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, әрбір ораза ұстайтын адамды таңсәрідегі азық-ақуатқа жіті мән беруге шақырамыз. Адам ағзасына керекті әр түрлі дәрумендер мен пайдалы тамақтарды жеп, сәресі ішуге шақырамыз», - деді Ерболат Жүсіпов.