2021 жылдың 1-тоқсанында жаңа психоактивті заттарды таратудың 369 фактісінің жолы кесілді. Бұл туралы ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Берікхан Нұрғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Осы жылдың 1-тоқсанында жаңа психоактивті заттарды таратудың 369, оның 173 сату және 39 сақтау фактісінің жолы кесілді. Заңсыз айналымға 25 келіден астам есірткі жіберілген жоқ. Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларында, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы, Атырау және Ақмола облыстарында синтетикалық есірткінің ірі партиясы тәркіленді», - деді ол ІІМ баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында.
Мәселен, оның айтуынша, наурызда Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде арнаулы операция жүргізілді. Оның барысында клуб келушілері арасында синтетикалық есірткі жаратқан екі жігіт ұсталды.
«Олар клиенттерден төлемді онлайн аудару арқылы алып отырған. Сатушыдан және клубқа келушілердің бірінен буып-түйілген мефодрон алынды. Күдіктілердің пәтерін тінту барысында сатуға дайындалған синтетикалық есірткі және буып-түюге қажетті құрал-жабдықтар табылды. Есірткінің таралуының алдын алу іс-шарасын қабылдамаған клуб иесіне әкімшілік хаттама толтырылды», - деді Берікхан Нұрғалиев.