Фото: Olympic.kz
Алматыда заңгерді соққыға жыққан әскери қызметкер грек-рим күресінен қазақстандық және бұрынғы Кеңес Одағының палуаны Дәулет Тұрлыхановтың ұлы болып шықты. Бұл ақпаратты Тұрлыхановтың өзі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы.
"Ол - кәмелетке толған адам. Иә, ол - менің ұлым. Жасаған әрекетіне өзі жауап береді. Ол бойынша нақты шешімді құқыққорғау органдары қабылдайды", - деп жауап берді Тұрлыханов тілшіге.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда әскери қызметкер белгілі адвокатты соққыға жыққаны хабарланған болатын.
Бұл оқиға туралы адвокат Олег Черновтың әйелі Анна Димитриевич Facebook-парақшасында жазған. Олар таксиге отыра бергенде бір жігіт жүгіріп келіп, соққыға жығылған қызға көмектесуін сұраған.
Алматы ПД бұл дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады. Қылмыстық іс бойынша алғашқы тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды.
Күдікті әскери адам болғандықтан, қазір іс материалдары соттылығын анықтау үшін қалалық Прокуратураға жіберілген.