12 қар, 2020 сағат 11:30

«Gold company» ұйымдастырушыларына қатысты тергеу аяқталды

«Gold company LTD» ЖШС ұйымдастырушыларына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Бұл туралы ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Gold company LTD» ЖШС ұйымдастырушыларына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Олар қайта бөлу мақсатымен азаматтар ақшасын тарту есебінен өз қызметін іске асырған. Бұл қылмыстық іс бойынша 2,5 мыңнан астам зардап шеккен адамнан шағым түсті. Келтірілген шығын 1,5 млрд теңгеден асты», - деді С. Әділов министрлік ұйымдастырған онлайн брифингіде. 

Оның айтуынша, тексеру шаралары барысында 32 млн теңгеден астам ақша, түрлі техника алынды. Ұсталғандар қамауға алынды. Ресейдің екі азаматы өздерінің қылмыстық әрекетін іске асыру мақсатымен Қазақстанға келген.