09 нау, 2023 сағат 15:27

Екі жыл бұрын біреуден қарыз алған - Ахметжанов генерал-майор Біләлов туралы

Фото: Кazpravda.kz

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД бастығы міндетін атқарушы Берік Біләловке қатысты қылмыстық іс қарызына байланысты қозғалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Осыдан екі жыл бұрын ол (Біләлов. - еск.) біреуден қарыз алған. Қазір ІІМ Ішкі қауіпсіздік басқармасы соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне арызданушының Біләловтың одан ақша алып, қайтармағаны туралы өтінішін тіркеді. Объективті болуы үшін іс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке берілді", - деді Ахметжанов Сенат кулуарында журналистердің сұрағына жауап беріп.

Еске салайық, ақпанның аяғында генерал-майор Берік Біләловке қатысты соталды тергеу жүріп жатқаны белгілі болды. Өтініш қаңтарда түскен. Прокурордың айтуынша, Біләлов 2021 жылы алаяқтық жолмен бөтеннің ақшасын иемденген.