ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев сұйытылған газ бағасының нарық реттейтін бағасы қанша болу керектігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.
«Сұйытылған мұнай газын тұтынудың көлемі 2021 жылы күшейді. Себебі 2019 жылдан бері сұйытылған газға өткізілген автокөліктер саны биыл шамамен 2 есе өсті. Әлемдік тәжірибеде сұйытылған газдың бағасы мұнай бағасымен өзара байланысты. Бензин бағасының 70% пайызын құрайды. Мысалы ретінде, АИ-92 маркалы бензиннің құны литріне 182 теңге болған кезде газдың нарықтық құны шамамен литріне 127 теңгені құрауы тиіс», - деді министр.
Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі сұйытылған газ бағасынан басталған парақшасында Жаңаөзендегі жағдайға қатысты жазба жариялаған болатын.
«Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырдым. Шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс. Азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына талабын ашық айтуға құқығы бар, бірақ, бұл заңға, нақтырақ айтқанда, бейбіт шерулер туралы заңға сәйкес жүзеге асырылуы керек» делінген жазбада.