Фото ©REUTERS
Францияның бірқатар қаласында президент сайлауының бірінші турының қорытындысына қарсы жаппай наразылық шерулері өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі BFM TV арнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, тек Ренн қаласында наразылыққа 500-ге жуық адам шыққан, көпшілігі - жастар. Белсенділер антикапиталистік және антифашизмге қарсы ұрандар айтып, қала орталығын аралап өткен.
Көп ұзамай, бұл наразылық тәртіпсіздікке ұласқан: жастар көше жиһаздарын сындырып, банк бөлімшелері, ондаған дүкен терезесін сындырған. Мәлімет бойынша, қала орталығындағы алаңдардың бірінде өрт шығып, өрт сөндірушілердің араласуы қажет болған.
Дәл осындай акция Лион қаласында да өткен. Онда наразылыққа шыққандар саны әлі белгісіз. Белсенділерді ауыздықтау үшін полиция жұмылдырылған.
Наразылық білдірушілер президент сайлауына түскендердің ешқайсын - Эммануэль Макронды да, Марин Ле Пенді де қолдамайтындарын айтты.
Еске салайық, Францияда кезекті президент сайлауы өтіп жатыр. 2022 жылдың 10 сәуірі - бірінші тур және 24 сәуір – екінші тур. Алғашқы тур қорытындысы бойынша, Францияның қазіргі президенті Эммануэль Макрон мен "Ұлттық бірлік" әсіре оңшыл күштерінің өкілі Марин Ле Пен көш бастап тұр.
631 рет оқылды