Фото:facebook.com/bipek.kz
Forbes тізіміндегі кәсіпкер Анатолий Балушкиннің мүлкі тәркіленбек. Бұл туралы Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"11 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында Балушкинге (халықаралық іздеуде, БИПЭК компаниялар тобының акционері) қатысты іс бойынша прокуратура 77 жылжымайтын мүлікті (оның ішінде "Рахман қайнары", "Нұртау" және "Порт Фортуна" демалыс базаларын), сондай-ақ 1 мың бірлік жылжымалы мүлікті соталды тәркілеу туралы қолдаухатты сотқа жолдады", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Нұр-Сұлтанның мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің "Азия Авто" көлік құрастыру компаниясына қарсы шағымы бойынша шешім шығарды. Сот "Азия Авто" компаниясын мемлекетке шамамен 174 миллиард теңгені қайтаруға міндеттеді.