Фото: CNN
Еуропада маймыл шешегінен алғашқы адам өлімі Испанияда тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі El Mundo басылымына сілтеме жасап.
Бұл оқиға Валенсия аймағында тіркелген. Адам өлімінің нақты себептері әлі нақтыланбағаны атап өтілді. Алдын ала мәлімет бойынша, өлімге шешекпен байланысты энцефалит себеп болған.
Бұған дейін Бразилия маймыл шешегінен алғашқы адам өлімі дерегі тіркелгенін растады. 41 жастағы марқұмның иммунитетінде күрделі проблемалар болғаны айтылған.
Еске салайық, 29 шілдеде Нью-Йоркте маймыл шешегінің өршуіне байланысты төтенше жағдай жарияланғаны белгілі болды. Нью-Йорк губернаторы Кэти Хокул Нью-Йорк штатындағы маймыл шешегі індеті туралы соңғы деректерді қарап шыққаннан кейін, осы індетке қарсы күш-жігерді нығайту үшін ТЖ енгізуге мәжбүр екенін айтқан.
1321 рет оқылды