Украина макроқаржылық көмек ретінде Еуропалық одақтан тағы 600 миллион еуро алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Бүгін біз Украинаға 600 миллион еуро көлемінде макроқаржылық көмектің жаңа траншын бөлдік", – деді Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен.
19 мамырда АҚШ Украинаға жаңа әскери көмек пакеті аясында 18 гаубиц пен 3 контрбатареялық радар жеткізетінін мәлімдеді. Бұл пакет бойынша құны 100 миллион доллар болатын қару-жарақ жеткізіледі.
Бұған дейін G7 елдері Украинаға Ресеймен арадағы соғыс салдарынан келген шығынды өтеу үшін 15 миллиард доллардан астам қаражат бөлетінін жариялады.
Бұл шешім G7 елдерінің қаржы министрлері мен Германияның орталық банктері басшылығының кездесуінде қабылданды.