Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері Қазақстанның қазіргі эпидемиологиялық ахуалы мен халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде баспасөз мәслихатын өткізіп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Бүгінде еліміз «жасыл» аймақта, яғни тәуекелі төмен аймақта тұр. Қаупі жоғары немесе «қызыл» аймақта екі өңір бар. Олар: СҚО мен Павлодар облысы. Алдыңғы аптамен салыстырғанда «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа Қостанай және Ақмола облыстары ауысты, қазір «сары» аймақта Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары, ШҚО және Атырау облыстары тұр. «Сары» аймақтан «жасыл» аймаққа БҚО ауысты», - деді баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов.
Оның айтуынша, өткен екі апта ішінде коронавируспен ауырғандар саны 10 пайызға көтерілген. Ауру-сырқаудың өсу жағдайы Атырау облысында 1,9 есе, Жамбыл облысында 1,8 есе, Ақмола облысында 1,7 есе, Павлодар облысында 1,5 есе өскені байқалады