Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Түркияға 10 министр барды. Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған қазақстандық министрлердің бірінің жасын естіп таңғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .
Ердоғанның Қазақстан үкіметі мүшелерімен танысу сәтіндегі видеоны НеХабар Telegram-арнасы жариялады. Видеода Тоқаев Түрік басшысына қазақстандық министрлерді таныстырып жатқан сәті көрсетілген. Ердоған цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің қолын алып, әңгімелесті.