08 сәу, 2021 сағат 08:13

Эпиджағдайы нашарлаған екі облыс "сары" аймаққа өтті

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

2021 жылдың 8 сәуіріндегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан, Қарғанды, Ақмола облыстары «қызыл» аймақта тұр. 

«Сары» аймақта Шымкент қаласы, Қызылорда, Павлодар облыстары орналасқан. 

Қалған барлық өңір - «жасыл» аймақта. Қазақстан эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймаққа тіркелген.

Айта кетсек, кешегі мәлімет бойынша Қазақстанның 8 өңірі «қызыл», тек бір өңірі «сары» аймақта болған.