25 мам, 2021 сағат 10:30

Эпидемиологиялық ахуал біртіндеп тұрақтанып келеді - Цой


Соңғы аптада елімізде коронавирустың анықталған жағдайы 4 мыңға дейін төмендеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазіргі уақытта ауру таралуы төмендеуінің оң динамикасы байқалады және эпидемиологиялық ахуал біртіндеп тұрақтанып келеді. Соңғы аптада сәуір айының соңы мен мамыр айының басындағы ауру-сырқау көрсеткішімен салыстырғанда коронавирус инфекциясы жағдайының анықталған саны 4 мыңға дейін төмендеді. Толықтай алғанда ауруға шалдығу 20 пайызға төмендеп отыр», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Үкімет отырысында.