17 қаз, 2019 сағат 14:38

ЕО мен Ұлыбритания Brexit бойынша келісімді мақұлдады

ЕО мен Лондон Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуы туралы келісімді мақұлдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бұл ЕО мен Ұлыбритания үшін әділ әрі салмақты шешім болды. Сондай-ақ, ол - біздің мәселенің шешімін іздеп жатқандығымыздың дәлелі», - деп жазды Twitter-де Еурокомиссияның төрағасы Жан-Клод Юнкер.

Ол 17-18 қазанда өтіп жатқан ЕО саммитінде Еуроодаққа мүше елдердің көшбасшыларына келісімді мақұлдауға кеңес береді.

Сондай-ақ, Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон Twitter- де Еуроодақтан шығу бойынша келісімге қол жеткізгенін жазды.

«Біз бақылауды қайта қолға алуға мүмкіндік беретін жаңа керемет келісім жасастық. Енді басқа да басым мәселелерге көңіл аудара алуымыз үшін парламент Brexit-ті сенбі күні аяқтауы керек», - деп жазды ол.