Тамара Дүйсенова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
"Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылсын", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Тамара Дүйсенова Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын Сарыағаш ауданында мектеп мұғалімі болып бастаған. 1988-1992 жылдары Өзбекстан Мемлекеттік жоспарлау комитетінің есептеу орталығының экономика ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер, 1992-1993 жылдары Сарыағаш аудандық әкімшілігінде аға экономист, 1994-1999 жылдары әкімнің кеңесшісі, орынбасары, бірінші орынбасары, 1999-2002 жылдары облыс әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.