Елордадағы мобильді топтар кәсіпкерлік субъектілері арасында карантин режимін бұзуға қатысты жыл басынан бері 1 180 рейд кезінде шектеу шараларын сақтамаудың 734 фактісін тіркеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Айтмағамбетов мәлім етті.
Елорда әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
«Қала аумағында карантиндік шаралардың жалғасуына байланысты полиция департаменті шағын және орта бизнес нысандарының, елорда тұрғындары мен қонақтарының оларды сақтауы бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Эпидемиологиялық талаптарды бұзатын объектілерге, яғни ойын-сауық орындарына, дәмханаларға, мейрамханаларға, караокеге, барларға, сауда орталықтарына ерекше назар аударылады. Осы жылдың басынан бері мобильдік топтар 1180 рейд өткізіп, 734 карантин шараларын бұзу анықтады», — деді Айтмағамбетов.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа 42 мекемеге қатысты 53 материал жіберді, олар — қаралу сатысында.
Сот шешімімен 36 мекеменің әкімшілігі объектілердің қызметі тоқтатылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Карантинді бұзушыларды анықтау бойынша жұмыстар жалғасуда, халыққа карантиндік шараларды сақтау туралы түсіндіру сұхбаты жүргізілуде.