16 қыр, 2019 сағат 11:41

Елордадағы Оқушылар сарайына әл-Фараби атын беру ұсынылды

Нұр-Сұлтан қаласындағы Оқушылар сарайын әл-Фараби атымен атау ұсынылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен айтты. Оның айтуынша, бастаманы қоғам белсенділері қолдап отыр.

«Қоғамның пікірі өте маңызды. Депутаттар, Ассамблея мүшелері де Оқушылар сарайына әл-Фараби атын беруді қолдайды деп ойлаймын. Бұл сұрақты әлі де талқылаймыз», - деді әкім орынбасары Достық үйінде Мемлекет басшысының Жолдауын талқылау жөніндегі дөңгелек үстелде.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 26 тамызында Мемлекет басшысының Жарлықтармен Әбу Насыр әл-Фарабидің 1 150 жылдық мерейтойын және Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиялар құрылды.