04 жел, 2020 сағат 14:33

Елордада үш жасөспірім бейтаныс адамға шабуыл жасаған

32 жастағы астана тұрғыны түнде үйге қайтып келе жатқанда бұзақылар ұрып-соққан, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ер адамның айтуынша, үш жасөспірім оның соңынан жүріп, оны қасақана төбелеске шақырған, содан кейін ұрып-соғып, жасырынып қалған. 

Жедел-іздеу шарасы барысында бұзақылар ұсталды. Бейтаныс адамға шабуыл жасаған кәмелетке толмаған үш жігіт полицияға жеткізілді. Сондай-ақ, полицияға кәмелет жасына толмаған балалардың заңды өкілдері шақырылды. 

Осы факт бойынша ҚР ҚК 293-бабы («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Сондай-ақ, балалардың заңды өкілдері де ҚР ӘҚБтК 442-бабы 2-тармағы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. 

Үш жігітті ювеналды полиция инспекторлары бақылауға алды.