14 ақп, 2022 сағат 22:52

Елордада героин сатқан күдікті әйелдер ұсталды


Елорданың полицейлері арнайы операция жүргізіп, оның барысында қала аумағына есірткі заттарын жеткізу мен өткізу «арнасын» жойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде аса ірі мөлшерде есірткіні сақтағаны үшін бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған 40 жастағы әйел ұсталды. Жеке тінту кезінде одан сатуға дайындалған «героин» есірткі затының 21 түйіні тәркіленді. 

«Есірткінің негізгі жеткізушісін анықтау мақсатында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер есірткі қылмысы үшін сотталған 32 жастағы күдіктіні ұстады. Ол төрт грамнан астам «героин» есірткі затын сатқан. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі «есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу» бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп атап өтеді ведомстводан.