16 қаз, 2021 сағат 13:56

Елордада аялдама мен көлік әйнегін сындырған қыз ұсталды - видео


Елордада көлік пен аялдаманың әйнегін шаққан қыз ұсталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, сағат 22.11-де ПД жедел басқару орталығына Бөгенбай батыр даңғылы бойында белгісіз біреу аялдаманың және жақын маңда тұрған көліктердің әйнегін сындырып жатқаны туралы хабарлама түскен.

Патрульдік полиция қызметкерлері Петропавл қаласының 23 жастағы тұрғынын ұстады. Қыз аялдаманың әйнегін кірпішпен сындырғаны анықталды, содан кейін Toyota Corolla мен Nissan маркалы көліктердің артқы әйнегін шаққан.

Аталған дерек бойынша "Бұзақылық" бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

"Ұсталған қыз қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғаны және бөтеннің мүлкін бүлдіргені үшін сот алды тергеу басталды. Шығын сомасы есептеліп жатыр", - деді "Байқоңыр" ауданы ПБ басшысының орынбасары Дархан Сайранбеков.