Елордада ер адам 20 тұрғынның электронды техникаларын жалға алып, 12 миллион теңгеден астам шығын келтірген, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті. Полиция алаяқтық жасағаны үшін бұрын сотталған 30 жастағы ер адамды ұстады.
Ол жарнама сайты арқылы электронды техниканы жалға беру туралы хабарландыруларды таңдағаны. Ер адам өзін ЖШС басшысы ретінде таныстыра отырып, клиенттермен телефон арқылы сөйлескен. Осылайша олардың сеніміне кірген. Алған жабдығын «сол күйінде, еш ақаусыз қайтарамын» деп уәде берген. Белгілі бір сомаға келіскен соң, жалдау ақысын төлеген. Содан кейін жабдықты жалға алып, мерзімін 3-4 күнге ұзартып отырған. Алайда кейін ұялы телефонын сөндіріп, ұшты-күйлі жоғалған.
Күдікті техниканы бірден ломбардқа тапсырып отырған. Алаяқ 14 «PS 5» ойын консолі, 7 ноутбук және 20 плазма теледидарды иемденіп кеткен.
Ұсталған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол уақытша тергеу изоляторына қамалды.
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті азаматтарға қызметтер мен тауарлардың дұрыстығын тексеруді, күмәнді мәміледен бас тарту керектігін ескертеді.
Осы адамннан зардап шеккендер Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне, Бейбітшілік көшесі 19-үйге, 8 (7172) 71-61-51 телефонына немесе «102» нөміріне хабарласуына болады.