17 қар, 2020 сағат 11:20

Елорда полицейлері 20 келі есірткі сатпақ болған адамды ұстады

16-20 қараша аралығында елорда аумағында «Дәрмег» жедел-алдын алу шарасының 3-кезеңі өтіп жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жедел-алдын алу шарасының аясында елорда аумағында есірткілік заттар мен психикалық белсенді заттарды сатумен айналысатын тұлғалардың қызметі анықталуда. 

Осылайша, іс-шараны жүргізудің алғашқы күнінде, ағымдағы жылдың 16 қарашасында Жеңіс көшесінде есірткі саудалағаны үшін елорданың бұрын сотталған 39 жастағы тұрғыны ұсталды. Жеке тексеру кезінде оның сөмкесінен наша салынған 13 полиэтилен пакеті анықталды. Ал ер адамның пәтерін тінту кезінде полицейлер одан «наша» салынған 3 полиэтилен пакеті мен буып-түйіліп, саудалауға дайындап қойған есірткі түйіншегін анықтады.

 

Арнайы іс-қимылдар нәтижесінде заңсыз айналымнан 20 келіге жуық есірткі алынды. «Қара нарықта» бөлшек саудада оның құны ақшалай эквивалентте 30 млн-нан астам теңгені құрайтын еді. 

Елорда аумағында есірткі жеткізуге және саудалауға қатысы бар қылмыстық тізбектің басқа да қатысушыларын анықтау бойынша іздеу шаралары өткізілуде. 

ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлімі (Аса ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз сақтау), 297-баптың 3-бөлімі (Аса ірі көлемде есірткі заттарын сату) және 287-баптың 2-бөлімі (Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу және сақтау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл баптар 10 жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. 

Ұсталған ер адам Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің уақытша оқшаулағышына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.