Қазақстанда COVID-19 вирусынан қанша жүкті әйел емделіп жатыр? Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Баспасөз мәслихатында айтылғандай, пандемия басталғалы 8 800 жүкті әйел коронавирус жұқтырып алған.
«Қазіргі уақытта 247 әйел стационарда емделіп жатыр. Елде баланың құрсақта жатқан кезінде коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ. Тек дүниеге келгеннен кейін анасымен бір төсекте жатқан 124 сәби бір аптаның ішінде коронавирус жұқтырып алған. Алайда ауру симптомсыз дәрежеде өтеді. Біз тек диагноз арқылы олардың коронавирус жұқтырғанын анықтап отырдық», - деді Ажар Ғиният.