18 мам, 2021 сағат 11:10

Елімізде тағы 1859 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды


17 мамырда Қазақстанда 1837 адамның анализінен коронавирус табылды. Екі күн бұрынғы мәлімет бойынша, тағы 1 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 16 мамырда 25 адам өлімі тіркелген: 22 адам – коронавирустан, 3 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады.

Дүйсенбі күні Алматыда – 520, Қарағанды облысында – 320, Нұр-Сұлтанда – 251, Ақмола облысында – 139, Алматы облысында – 109, Павлодар облысында – 92, Батыс Қазақстан облысында 92 адамнан коронавирус анықталды. Шымкентте – 30, Ақтөбе облысында – 24, Атырау облысында – 48, Шығыс Қазақстан облысында – 78, Жамбыл облысында – 25, Қостанай облысында – 33, Қызылорда облысында – 35, Маңғыстау облысында – 13, Солтүстік Қазақстан облысында – 11, Түркістан облысында 17 науқас тіркелген.

2020 жылдың 13 наурызынан бері 362 030 адамға Covid жұққаны ПТР тестпен расталған, 4095 адам коронавирустан қайтыс болған. Үкімет құрған арнайы комиссия ағзасынан вирус табылса да "коронавирустан емес, басқа аурудан қайтыс болды" деген 1,5 мыңнан астам адам өлімі ресми статистикаға енгізілмеген.

ДСМ пневмонияның коронавирусқа ұқсас түрі – коронавирус пневмониясына шалдыққандарды да біраз уақыт Covid статистикасына қоспай келді. Бірақ халықаралық ұйымның ықпалымен былтыр 1 тамыздан бері есепке ала бастаған. Содан бері 54 153 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. 863-і қайтыс болған.

Осыған дейін халықаралық институт зерттеуінде Қазақстанда коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар саны ресми статистикада көрсетілгеннен 14,5 есе көп екені айтылған еді. Қазақстан билігі өткен аптада елде індет кезінде коронавирустан 6500-ден астам адам қайтыс болғанын растап, бірақ оны ресми статистикаға әлі қосып үлгермегенін айтты

18 мамыр күнгі мәлімет бойынша, Қазақстанда 1 млн 871 мың адамға коронавирусқа қарсы вакцинаның кемінде алғашқы дозасы салынған. 778 мыңнан астам адам вакцинаның екі дозасын алған.

18 мамырдағы мәлімет бойынша, елімізде 38 151 адам коронавирус инфекциясынан (37 694 КВИ+ және 457 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 13 768 пациент стационарда, 24 383 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 756 адамның жағдайы ауыр,
• 192 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 110 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 163 млн адамға жеткен. 3 млн 385 мың адам вирустан қайтыс болған.