15 там, 2022 сағат 09:43

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны азайды


Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 930 адам тіркелді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

Осылайша елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 377 898-ге жетті.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласында - 203,
  • Алматы қаласында - 103,
  • Шымкент қаласында – 9,
  • Ақмола облысында – 75,
  • Ақтөбе облысында – 25,
  • Алматы облысында - 16,
  • Жетісу облысында - 9,
  • Атырау облысында - 39,
  • Шығыс Қазақстан облысында - 2,
  • Абай облысында - 5,
  • Жамбыл облысында - 20,
  • Батыс Қазақстан облысында - 58,
  • Қарағанды облысында - 173,
  • Ұлытау облысында - 1,
  • Қостанай облысында - 44,
  • Қызылорда облысында - 23,
  • Маңғыстау облысында - 13,
  • Павлодар облысында - 60,
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 44,
  • Түркістан облысында - 8. 

Сондай-ақ, 15 тамыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 22 949 адам коронавирус инфекциясынан (–22 647+ және 302 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 1 185 пациент - стационарда, 21 764 науқас - амбулаториялық деңгейде.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында 26 адамның жағдайы ауыр, 9 пациенттің жағдайы өте ауыр, 6 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.