17 жел, 2020 сағат 07:40

159 адам коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонияға шалдыққан

16 желтоқсанда тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Кеше коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 159 жағдайы тіркелді. Оған қоса 158 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 44 314, 466 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 31 925 жетті», делінген хабарламада.