20 сәу, 2021 сағат 09:00

Елімізде екпе салу пункттерінің саны артуда - ДСМ

Елімізде коронавирусқа қарсы екпе салу пункттерінің саны артуда. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қажеттілікті ескере отырып, екпе салу пункттерінің саны үнемі артып келе жатқанын атап өткім келеді. Бүгінде өңірлерде иммундау 1 051 екпе салу пунктінде жүргізіледі. Бұған қоса, жекелеген аудандарда, ұйымдасқан ұжымдарда, адамдар көп жиналатын жерлерде коронавирусқа қарсы вакцинация жүргізу үшін 303 көшпелі екпе салу бригадасы жұмылдырылған», - деді Алексей Цой. 

Оның дерегінше, иммундау науқанына 10 мыңнан астам медицниа ққызметкері тартылған. 

«Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Қарағанды қалаларында екпе салу пункттері сауда орталықтарында, базарларда, ұйымдастырылған ұжымдарда жасақталған. Онда демалыс күндері вакцинациялауға қолжетімді. Бұл вакцинаның халыққа қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді министр.