15 шіл, 2022 сағат 09:32

Елімізде COVID-19 жұқтырған тағы 1257 адам анықталды


Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 1257 адам анықталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 313 551-ге жетті. 

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласында - 353,
  • Алматы қаласында - 349,
  • Шымкент қаласында – 103,
  • Ақмола облысында – 30,
  • Ақтөбе облысында – 7,
  • Алматы облысында - 115,
  • Атырау облысында - 23,
  • Шығыс Қазақстан облысында - 15,
  • Жамбыл облысында - 60,
  • Батыс Қазақстан облысында - 13,
  • Қарағанды облысында - 70,
  • Қостанай облысында - 17,
  • Қызылорда облысында - 51,
  • Маңғыстау облысында - 16,
  • Павлодар облысында - 9,
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 5,
  • Түркістан облысында - 21.

Сондай-ақ, Қазақстанда 260 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:

  • Нұр-Сұлтан қаласында - 65,
  • Алматы қаласында - 156,
  • Ақмола облысында - 10,
  • Қарағанды облысында - 7, 
  • Қызылорда облысында - 1.

Елімізде барлығы 1 294 493 адам COVID-19 індетінен сауыққан.