Бір апта ішінде елімізде 3 226 қылмыс жасалды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Бір апта ішінде елімізде 3 226 қылмыс жасалды, оның 2 148-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 6 кісі өлтіруді, 3 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 34 тонау және 528 бөтен мүлікті ұрлау қылмысын ашты», - деді Н. Ораз ведомствода өткен онлайн брифингіде.
Сонымен бірге, ресми өкілдің айтуынша, ІІМ барлық аумақтық полиция бөлімшелерінде «Adaldyq alańy» жобасын жүзеге асыруды жалғастыруда. Жоба тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқартуға және ішкі істер органдарына деген сенімді арттыруға мүмкіндік береді.