Бүгін халық алдында есеп беру кездесуінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ауруханаларда инфекциялық орындардың жүктемесі туралы түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Коронавирустық инфекцияның таралуының барлық тәуекелдерін ескере отырып, біз ауруханалардағы төсек-орын қорының дайындығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдадық. Еліміз бойынша орындардың ең жоғары ықтимал саны 62 мыңды құрады, оның ішінде 36 мыңы жұмыс істеп тұрған инфекциялық орын, 3 мыңнан астамы реанимациялық, 23 мыңы резервтік төсек», - деді министр.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта инфекциялық орындардың жүктемесі 42 пайызды, реанимациялық орындардың жүктемесі 29 пайызды құрады.