17 қаз, 2019 сағат 10:36

Елімізде әскерге баратын әрбір екінші бозбала ауру - депутат Хаменова

Қазақстанда 2020-2025 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Біржан Елтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәжілісте «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс жобасының жаңа редакциясын талқылау барысында депутат Бақыткүл Хаменова әскерге баратын жастардың денсаулығына алаңдаушылық танытқан еді.

«Елжан Амантайұлы (ҚР Денсаулық сақтау министрі Біртанов), елде әскери қызметке алынатын әрбір екінші бала ауру қазір. Қазақ: «Рухыңды қорғаймын десең, ұлыңды қорға», - дейді. Ұлды қорғамасақ, ертең елді қорғай алмаймыз. Сондықтан елдің бас дәрігері ретінде жанаршырлық танытып, әскерге алынып жатқан бозбалалардың жағдайына кешенді жоспар қолдансаңыз», - деген еді ол.

Осы мәселеге орай Елжан Біртанов қазіргі уақытта Үкімет тарапынан Денсаулық сақтау министрлігі атқарушы органдармен бірлесіп, 2020-2025 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламасы әзірленіп жатқанын айтты.

«Біздің жоспарымызға сәйкес бұл жұмыс аяқталып келе жатыр. Мемлекеттік бастаманың ең негізгі бағыты - балалар мен жастардың денсаулығы. Соның ішінде, әрине әскери қызметке дайындау, репродуктивті денсаулық, дені сау ана болу мәселелері қарастырылады», - деді министр.